Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа CHERY TIGGO 2 PRO – 7 490 000 теңгеден бастап

"Астана Моторс" құрамына кіретін Қазақстандағы Chery ресми дистрибьюторы нарыққа өзінің бестселлері – CHERY TIGGO 2 PRO автокөлігінің жетілдірілген нұсқасын ұсынды.

CHERY TIGGO 2 PRO – габариттері 4200 х 1760 х 1570 мм қолжетімді, ыңғайлы субықшам кроссовер.

TIGGO 2 PRO-ның дизайны стильді әрі заманауи, өткіштігі жақсы, клиренсі биік. Ол үнемді, жайлы және қауіпсіз.

Алдыңғы нұсқасы секілді TIGGO 2 PRO да көлемі 1,5 литрлік атмосфералы қозғалтқышпен жабдықталған, қуаты 113 аттың күшіне дейін көбейтілді. 

Кроссовер жергілікті жағдайларға тамаша бейімделген: салонына кондиционер және кеңейтілген қысқы пакет: алдыңғы әйнекті, әйнекжуғыш бүріккіштері және алдыңғы орындықтарды жылыту жүйесі орнатылған. 

Автокөлік орталық құлыппен, электрлі әйнеккөтергіштермен, артқы көрініс камерасымен және тұраққа қою датчиктерімен жабдықталған. Жаңалықтарына келсек — бүйірлік айналардың электржетегі, рульдің және руль рейкасының электрлі реттегіші, сондай-ақ электрлі тұрақ тежегіші бар. Жүргізу режимін таңдау мүмкіндігі, кілтсіз кіру және қозғалтқышты қашықтан оталдыру функциясы пайда болды.

Дизайны бойынша ішінен де, сыртынан да айқын көзге түсетін өзгерістер бар: жаңа радиатор торы, күндізгі жүріс жарықтарының дизайны апгрейдтен өтті, оған қоса бұрын олар галогенді болған болса, енді жарықдиодты. Сонымен қатар бренд PRO нұсқасында дискілердің, жүксалғыштың және спойлердің жаңа дизайнын ұсынды. Салон ішінде — беріліс қорабының жаңа селекторы және жақсартылған мультимедиа орнатылған жаңа консолі бар.

TIGGO 2 PRO-ның дауыспен басқару мүмкіндігі бар мультимедиа жүйесі Apple CarPlay-мен және Android Auto-мен үйлеседі, 4 динамикті аудиожүйеге кіріктірілген, алдын ала орнатылған қазақ тіліндегі мәзірді қолдайды.

TIGGO 2 PRO-ның бағасы – 7 490 000 теңгеден басталады. Бүкіл Қазақстан бойынша CHERY ресми дилерлік орталықтарында жаңа өніммен жақынырақ танысуға, тест-драйвқа жазылуға және сатып алуға болады.

Нұрлан Шамғонов, "Астана Моторс" құрамындағы CHERY ресми дистрибьюторының директоры:

"Қазақстанда Tiggo желісіндегі ең кенже модельді енді ғана ұсына бастаған кездің өзінде бұл автокөліктің бойында халықтың сүйікті көлігіне айналуға қажетті бүкіл қасиеттердің бар екеніне сенімді едік. Сатылымдар статистикасы бұл автокөлікке сенім артып жаңылыспағанымызды көрсетті. 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың тамызына дейін 7 148 Chery Tiggo 2 сатылды. Жаңартылған нұсқасының да қалың жанкүйерлер тобы болады деп ойлаймын”

Бренд жанкүйерлері расында да көп. CHERY KAZAKHSTAN ресми дистрибьюторы нарықта 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап жұмыс істеп келеді. Бренд іске қосылған сәтінен бастап Қазақстанда 2024 жылдың тамызына дейін — 26 011 Chery автокөлігі, 2024 жылдың 8 айының ішінде — 9 267 бірлік, тек 2024 жылдың тамыз айының ішінде ғана — 1 229 данасы сатылды. Қазақстан нарығындағы Chery үлесі 7.9%-ға дейін өсті.

Талқылау