"Жансақтау бөлімінде жаттым": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі босануға қатысты сұрақтарға жауап берді
Араға тоғыз жыл салып, үшінші рет әке болған Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат Бесбаева оқырманды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/marhabat.besbaeva/
Блогер келіншектің сөзінше, алғаш ана атанғандай сезімде жүр екен.
“Қызымыз екеумізде бәрі жақсы. Қолымыз енді босап жатыр. Қаншама тілектер жазып жатырсыздар, алғысым шексіз. Әр әйелге жұғысты болсын. Мен кесарь тілігін жоспарладым. Өзің босансаң сол бойда ғана қиналып, кейін аттай шауып кетесің. Кесарь тілігіне түсіп, жансақтау бөлімінде жаттым. Келесі күні жүре алмай, қиналасың. Бірақ әркімнің ағзасы әртүрлі ғой. Бала теріс келіп тұрғасын, кесарь тілігін жоспарлады. Тіпті күнін де белгілеген едік, бірақ қызым жарық дүниеге келуге асықты. Мен арнайы емделіп, дайындалған жоқпын. ЭКО да жасатпадым. Алланың бізге берген үлкен сыйы”, – деді Мархабат.
-
"Жар таңдаудан қателеспедім": Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жан тебірентерлік жазба жариялады
-
Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жұрт білмейтін қызықты дерекпен бөлісті
Еске салайық, Мейрамбек Бесбаевтың жары құттықтап жатқан халыққа алғыс білдірген еді.
“Ал, сүйінші менің құрметті оқырмандарым! Мен аман-есен босандым. Аллаға шүкір. "Бәрі ұл деп жүр екен. Кім босанды деп ойлайсыздар?" – деп жазған еді Мархабат.
Көп ұзамай әнші Заттыбек Көпбосынұлы құпияны жариялап қойды. “Қызымыздың бауы берік болсын! Әбухайыр енді аға болды”, – деп жазған еді өнер иесі.