Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды
Жамбылда Тәжікстан азаматтарын тонап кеткен екі тәртіп сақшысы мен бір жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Полицейлер 3 жыл жеті айдан жаза арқаласа, 25 жастағы олардың сыбайласы да сол мерзімге, бірақ шартты түрде сотталды,-деп жазды КТК арнасы.
Қылмыс жасап алып, енді бет-жүзін көрсетуге қымсынғандардың үкімі қатал болуы мүмкін еді. Бірақ рақымшылыққа ілініп, жеңілдетілді. Екі тәртіп сақшысы өздеріне тағылған айыппен тек ішінара келісті. Ал 25 жастағы азамат кінәсін толық мойындаған.
Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қараша айында Ресейден үш жүк көлігімен келе жатқан тәжікстандықтарды екі инспектор мен тағы үш жігіт қорқытып, 250 мың рублін тартып алған. Артынша, екі полицей мен бір жергілікті тұрғын ұсталып, оларға қатысты құзіретін асыра пайдалану және қарақшылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал, сол жерде болған тағы екі жігіт әлі табылмай жатыр. Іздеуде жүргендердің біреуі есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі екен.
«Бұлар емлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық емес жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды»,-деді судья Қалифа Қосалиева
Оқи отырыңыз:
Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады
Мәдина Сәдуақасова жарнамаға түскені үшін сынағандарға жауап берді
Нан пісіріп тұрып ән айтқан Динара Сұлтан желіні “жарды” (видео)
Есентаева: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорыққандықтан ажыраспай келдім