Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нан пісіріп тұрып ән айтқан Динара Сұлтан желіні “жарды” (видео)

Динара Сұлтан сахнаға көп шықпайды. Оған әншінің көпбалалы ана әрі үлгілі жар болуы себеп.

динара султан 210417

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Ол өзге әншілер ұқсап көмекші ұстамайды. Үйдегі бар тірлікті өзі атқарады. Онымен қоймай, өзіне қамқорлық танытып жүрген күйеуінің көңілінен шығу үшін барын салады.

Ара-тұра Динара желідегі парақшасына күнделікті өмірінен видеолар жүктеп тұрады. Мәселен, кеше әнші жеті нан пісіре отырып, ән айтқан видеосын жүктеп, желідегілерді қарапайымдылығымен тәнті етті.

“Сізді мақтан тұтамын”, “Супер”, “Сізді жақсы көремін, қандай күштісіз”, “Динараның даусы тамаша, тыңдай бергің келеді. Отбасың аман болсын, бала-шағаңның қызығын көруді Алла нәсіп етсін”, “Шынайы, керемет, ал даусыңыз бомба”, “Сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын, даусыңыз тамаша”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Ерке Есмахан “қылықтары жасанды” деп сынайтындарға жауап берді

Баян Есентаева өзін сынаған Арман Сқабылұлына жауап берді

Қазақстандық және қазақ эстрадасы: Әншілер неге екіге бөлініп алған?

Талқылау