Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық және қазақ эстрадасы: Әншілер неге екіге бөлініп алған?

Танымал жұлдыздардың өмірі ашық кітап секілді. Әлеуметтік желі дамыған заманда кез келген адам сүйікті әртісінің қайда және не істеп жүргенін көре алады. Дәл осы себепті көзі қарақты көрермен отандық жұлдыздардың топ-топқа бөлініп жүретінін әлдеқашан байқаған. Отандық әртістер неге бөлінеді? Оларды екі топқа бөліп қойған кім? Әртістердің өздері жауап берсін.

макпал мен торегали 200417

Бұл туралы «Гу-гу-гәп» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Әртістер отандық эстраданың қазақ және қазақстандық болып екіге бөлінетінін растап отыр. Олардың пікірінше, барлығы әншінің сөйлейтін және ойлайтын тіліне байланысты.

«Эстрада өкілдерінің бөлінетіні рас. Ол факт, ол шындық. Оны көптеген арналардан да, радиотолқындардан да байқауға болады. Оған ренжімейміз.

Бөлінгенді ең жек көретін адамның бірі едім. Бірақ енді қайтесіз? Контигент, орта, деңгей деген болады. Орыстілділер бар… Біз негізі бөлінбейміз. Кез келген номинацияда, кез келген марапаттауға шақыртыламыз, Құдайға шүкір. «Музарт» тобы орыстілді ортада да, қазақтілді ортада да еркін, жақсы сезінеміз. Кеудемізді керіп, басымызды тік ұстап жүретін топтардың қатарынанбыз, Аллаға шүкір.

Ал бірақ жастарға обал. Қазақтілді жастар мен орыстілді жастардың бір-бірін танымауы, араласпауы жанға батады. Сол орайда әлеуметтік желіні жақсы жағына пайдаланғым келеді. Анамен де, мынамен де араласатынымды білдіріп. Қысқа ғана ғұмырда сыйласып өткенді жақсы көремін», – дейді Сәкен Майғазиев.

«Арай» тобының бұрынғы әншісі Рысбек Аташ әртістер арасында бөлінушіліктің бұрыннан бар екенін алға тартты.

«Қазақ әншілері деп қазақи бағытта, ал қазақстандық эстрада деп арасында орысша, қазақи бағыттан тыс әндер айтатындарды осылай жіктейтін шығар деп ойлаймын», – дейді ол.

Ал әнші Нұржан Керменбаевтың пікірінше, екі бағытты қатар алып жүрген әншілер де бар. Нұржан өзін солардың қатарына жатқызатын көрінеді.

«Ол рас. Бірақ соның екі ортасында жүрген әншілер де бар. «Арнау» тобымен мен қазақ эстрадасында шығармын деп ойлаймын. Оның бағасын беретін біз емес қой, халық. Жеке жүрген жүрісімді Қазақстан эстрадасына жатқызуға бола ма, болмай ма, ол да сұрақ», – дейді ол.

Бұл ретте орыстілді жұлдыздар да өз ойларын айтты.

Актриса Жәния Джуринскаяның айтуынша, орыстілді жастар қазақ тілін менсінбегеннен емес, орысша ойлағандықтан бөлек жүреді.

«Меніңше,  менталитет бөледі. Өйткені біздің эстрада орысша және қазақ тілінде сөйлейтіндерге бөлінеді. Бұл қазақ тілін менсінбеу емес. Тек біз орысша ойлаймыз, орысша сөйлейміз. Ал бір-біріне жақын адамдар бірге жүреді ғой. Бар себебі сонда деп ойлаймын.

Әрине, ешкім бөлмейді. Біз де қазақша сөйлейтін әншілермен, әртістермен жақсы араласамыз. Бар мәселе екі арада кішігірім кедергі бар. Біз орысша ойлаймыз, сондықтан менталитет бөлек», – деп түсіндірді ол.

Ал цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов мұны ұят іс санайды.

«Шын мәнінде бөлінушілік болса, дұрыс емес деп ойлаймын. Әртістер қазақ және қазақстандық деп бөлінсе масқара ғой. Барлығымыз да Қазақстанның көк туының астында, бірлікте болуымыз керек. Бұлай ұятқа қалуға болмайды. Барлығымыз Қазақстан шоу-бизнесінің бір бөлшегіміз», – деді ол ағынан жарылып.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы мен Динара Сәтжан су тасқыны болған аймақтарға көмек көрсетпек (видео)

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Меруерт Түсіпбаева су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік қызға көмектеспек

Баян Мақсатқызы той көйлегін таңдады (фото)

Талқылау