Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келетіндерді «әдепсіз әрі бетпақ» деп атады

Жұма, 21 Сәуір , 2017 15:06

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева «Время» басылымының тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат беріп, өзімен суретке түскісі келетін тыңдармандарын аса жақтырмайтынын айтты. Әншінің ашуына тиген нәрсе – көрермендердің бетпақтығы мен әдепсіздігі.

image33832

Соған қарамастан Роза Рымбаева ешқашан жұлдыз ауруымен ауырмағанын мәлімдеді.

«Ешқашан жұлдыз ауруымен ауырған емеспін. Мен тек өзіме кәсіби маман ретінде өте қатаң қараймын және айналадағылар өз ісін тыңғылықты атқарса деймін. Мысалы, түсірілім уақыты ауысып кетті делік. Егер мен уақытында келіп, студия дайын емес немесе оператор, режиссерлер келмеген болса, мен орнымнан тұрып: «Сіздер мені таңертеңгі уақытқа шақырғансыздар. Мен келдім, ал сіздер жоқсыздар. Айып етпеңіздер, мен кеттім»,  – деймін де кетіп қаламын», – деп түсіндірді ол.

Халық әртісі ашуланса, өз ісін дұрыс атқармаған жанға айқайлап та бере алады.

«Мен де адам баласымын. Менің де сабамнан шығып кететін кездерім болады. Сондай-ақ, менімен суретке түскенді ұнатпаймын. Өйткені ел Роза Рымбаеваның өзін емес, Роза Рымбаевамен бірге өзін суретке түсіріп қалуды қалайды. Кейде қайда қарау керектігімді нұсқап, тіпті, кадрға түсу үшін мойнымды бұрып алатындар болады. Әсіресе, ән айтып тұрған кезде осындай жағдай орын алса, шыдай алмаймын. Жаныма келіп құшақтайды, одан қалса суретке түсуге мәжбүрлейді. Бұл дегеніңіз көрерменнің әдепсіздігі әрі бетпақтығы. Осы нәрсе ашуымды келтіреді. Ондай кезде көрерменнің бетін қайтарып немесе ән айтпай кетіп қалуым мүмкін. Ең сорақысы, адамдар неліктен менің мұндай қадамға барғанымды түсінбестен, жұлдыз ауруына шалдыққан деп айыптайды», – дейді Рымбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Еркін Нұржанов қызының 1 жасқа толуына орай дүркіретіп той жасады (фото, видео)

Әріптестері Ернар Айдардың жағдайы туралы айтты

Баян Мақсатқызы: Жасаған ісіме ұялмаймын да, өкінбеймін де

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар