Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда қызын зорлады деп қайнысын қаматқан келіншек енді оны жақтап шықты

Жамбыл облысында қызын зорлады деп қайнысын 15 жылға темір торға тоғытқан келіншек енді оны сүттен ақ, судан таза деп отыр. Тіпті, қайнысының үстінен жалған арыз жазуына тергеушілерді кінәлады,-деп жазды КТК арнасы.

аққққ

Айтуынша, полицейлер алдап жала жапқызған. Ал кейін қарсы арызды қабылдамай қойыпты. Бірақ полицейлер Айбек Құтылмұратовтың қылмысы толық дәлелденді дегеннен танбай отыр

Қайнысының қолына кісен салдырған Жұлдызхан Балмағанбетова енді оның кінәсіз екенін дәлелдеумен әлек. Айтуынша, үйіне мас болып келіп мазасын алған Айбекті сабасына түсіру үшін тәртіп сақшыларына шағым түсірмек болған. Бірақ ішкі істер бөліміне келген келіншекті тергеушілер тентекті тезге салу үшін ауыр айып тағуға үгіттепті.

«Шығарып береміз қайныңызды, тек бізге арыз түсу керек мына жерге болды деп тұрып алды. Және арыз жазғаныңды үй-ішіңе айтпай-ақ қой деді. Оны жоқ қылып жібереміз деді»,-дейді Құтылмұратовтың жеңгесі Жұлдызхан Баймағанбетова

Жұлдызхан қателік жасағанын артынан түсініп, қарсы арыз жазбақ болдым дейді. Айтуынша, тергеушілер оны қабылдамай қойған. Сөйтіп, іс сотқа жетіп, Айбек Құтылмұратов 15 жылға сотталып кете барады. Оның кінәсіз екенін дәлелдемек болған әреккеттерінен түк шықпаған. Тіпті 11 жастағы қыздың жәбір көрмегендігін Қордайдағы сараптама растаса да, ескерусіз қалыпты.

«Өз кінәмды мойындап тұрмын. Қандай жаза берсе де, өтеуге дайынмын. Ол баланы жазаға тартқым келмейді. Маған ешкім күш көрсеткен жоқ, қорқытқан жоқ, мен өз еркіммен айтып отырмын»,-дейді Құтылмұратовтың жеңгесі Жұлдызхан Баймағанбетова.

Ал полицейлер бұл қылмысқа молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы көз жеткіздік дегеннен танбай отыр. Яғни жігіт жеткіншекпен жыныстық қатынасқа түспегенімен, әрекеттенген. Оған қыздың ішкі киімінен табылған ДНК дәлел екен. Ал Жұлдызхан Балмағанбетованың тергеушілерге таққан айыбы жалған дейді.

«Анасы мен қызының алғашқы түсініктемелері толықтай расталды. Сараптама нәтижелері бойынша күдіктінің зорламақ болған әрекеті дәлелденген»,-дейді Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Келіншек қызының арын құрбан етіп қайнысын ақтап жатыр ма? Немесе Айбек Құтылмұратовтың жалған жаламен сотталып кеткені рас па, ол жағы әзірге жұмбақ. Бірақ азғын деп танылған азаматты сүттен ақ судан таза деген жақындары оны ақтау үшін апелляциялық шағым түсірді. Сот шешімі жуырда белгілі болмақ.

Оқи отырыңыз:

Алматылық шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасына қалай жұмысқа тұрғанын айтты

Ресейде директоры мен ұстаздары қосылып оқушы қыздарды зорлады

Маңғыстауда мектептің 69 жастағы шопыры 9 жасар қыздарға азғындық жасаған

Қарағанды облысында тұрғындар подъезден үш баланың анасының жалаңаш денесін тапты

 

Талқылау