Ресейде директоры мен ұстаздары қосылып оқушы қыздарды зорлады
Ресейде мұғалімдер ұзақ уақыт бойы балалар лагерінде білім алып жатқан оқушыларға жыныстық мәндегі қысым көрсетіп келген.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
Тергеу органдары аталмыш жағдайға байланысты тексерісті бастап кеткен. Оқиға Мәскеу мектептерінің бірінде орын алыпты.
Мәскеудің оңтүстік-батысында орналасқан мектептің директоры мен ұстаздары қосылып оқушыларды балалар лагеріне алып барып, сол жақта жыныстық зорлау әрекеттерін жасаған. Сондай-ақ, мұндай оқиғалар тіпті мектеп аумағында да болған.
Қазіргі таңда тексеру шаралары жүріп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданбақ. Бұған дейін Үндістанда да мектеп директорының мұғалімдерге қосылып қыздарды зорлағаны туралы ақпарат жарияланған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады