Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылда екі жасар бүлдіршін құдыққа құлап ажал құшты

Мерке ауданында екі жасар қыз құдыққа құлап, көз жұмды.

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлайды.

“26 қыркүйек күні күндіз Мерке ауданы Сурат ауылында жеке үйдің ауласындағы құдыққа екі жасар қыз құлап, батып кеткен. Оның денесін ата-анасы тапқан. Бүлдіршін үлкендердің қараусыз қалу салдарынан мерт болған”, – делінген баспасөз хабарламасында.

Дәл қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Облыстық ТЖ департаменті атап өткендей, соңғы кезде қараусыз қалған балалармен болған қайғылы жағдайлар саны артқан. 2017 жылы шілде айының ішінде Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйдің терезесіненен кішкентай сәбилердің құлап кету оқиғасы үш рет тіркелген.


Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда студент қызды қағып өлтірген экс полицейге қатысты үкім шықты

Қостанайлықтарды қорқытқан нысанның не екені белгілі болды

Депутат Түркияда жапа шеккен қазақстандықтарға көмек көрсетуді талап етті

Жылан шаққан блогер тікелей эфир кезінде көз жұмды (видео)

Талқылау