Жамбыл облысында ең мықты шопыр келіншек анықталды
Тараз қаласында алғаш рет “АвтоЛеди-2017” байқауы өткізілді. Оған өңірдің автосүйер әйелдер қауымы қатысты. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сүйене отырып Stan.kz хабарлайды.
Шараны облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі ұйымдастырды. Жарыс барысында көліктің қыр-сырын меңгеруден ер адамдардан кем түспейтін әйелдердің өнері тәнті етті.
Жарыстың басты мақсаты – көлік жүргізу тәжірибесін жетілдіріп, әйелдердің шеберлігін арттыру, әйел көлік жүргізушілеріне деген теріс көзқарасты азайту.
Жарысқа қатысушылар өз автокөліктерімен келді. Сондай-ақ, олардың жанкүйерлері, облыстық ІІД ЖПҚ жеке құрамы мен басшылығы да осында. Жарысқа, жалпы саны 6 үміткер қатысты.
Конкурс әртүрлі кезеңдерден тұрды. Қатысушылар өздерін және көліктерін таныстырумен қатар, көлік жүргізу шеберліктерін де паш етуге тиіс болды: дұрыс әрі тез тұраққа қою, көлік дөңгелегін ауыстыру, жол қозғалысы ережесі сауалдарына жауап беру бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сайыс нәтижесі бойынша мұғалім Әсел Рысқұлова барлығынан көп ұпай жинады.
Екінші орын дәрігер Светлана Нифельдке бұйырса, үшінші орынды Гүлжамал Майлыбаева алды. Өзге қатысушылар Роза Аюпова, Гүлнар Раптаева, Әлия Омаровалар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Оқи отырыңыз:
13 жаста тұрмысқа шыққан анаға 51 шөбересі тосын сый жасады (фото)
101 жастағы ана ұзақ жасауының сырымен бөлісті
Президент әйелдерге баланы данышпан етіп тәрбиелеудің құпиясын ашты (фото)
Димаш: Бүгінгі қыз – ертеңгі Ана, ал әлемді тек сіздер ғана тербете аласыздар