Жамбылдық шенеунік жасаған қылмысы үшін 18 жылдан кейін сотталды
Жиырма жылға жуық мемлекет мүлкін туыстарына тегін таратып келген жамбылдық шенеунік 9 жылға сотталды. Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру орталығының бұрынғы директоры жалпы құны 300 млн теңге болатын 4 ғимарат пен 1 жер учаскесін заңсыз саудалаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Прокурорлар экс-шендінің қылмысын 18 жылдан кейін ғана анықтаған. Шенеунік бұл әрекеті үшін тоғыз жылға түрмеге қамалды.
“Биыл 6 мамыр Тараз қаласындағы №2 cотымен Бақтыбаевтың қылмыстық кодекстің 189 бабының 4 бөлігі бойынша кінәсі дәлелденіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар прокурорлардың талап-арыздары негізінде атаулы объектілер сот шешімімен мемлекетке қайтарылды”, – дейді Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі Сержан Әбдіқұлов.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”