Жамбылдық шаруа африкалық түйеқұстарды өсірумен айналысуда
Жамбыл облысының фермері Африка түйеқұстарын өсірумен айналысады. Әбдірахым Қуанышбаев айлық балапандарды 4 жыл бұрын қолға алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Осы уақыт ішінде олар қолға үйреніп, өздігімен көбейе бастаған. Бір түйеқұс жұмыртқасының салмағы шамамен бір жарым килограмм шығады. Экзотикалық құстар жергілікті климатқа жақсы бейімделіп үлгерген. Оларға жасалатын күтім де соншалықты қиын емес болып шыққан.
Әзірге шаруашылықта екі түйеқұс бар. Оларға күніне үш мәрте: кебек, беде және нан беріледі. Шаруаның алдағы жоспары – зоологиялық бұрыш ашу.
- "Фермерлер ауа райын бір ай бұрын біліп отырады": Ақмола облысының тұрғындары интернет әкелген жаңашылдықтар жайлы айтты
- Мемлекеттік кәсіпорын 1 теңгеге сатылады
"Сонымен қатар әппақ аққуларды қолға алдық, бізде тағы да тауыс құстары бар. Балаларға арналған осындай құс зоопаркін ашуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы тағы бір аналық алуымыз керек, себебі біреуі түйеқұстарға жетпейді екен. Сонымен бірге жабдықты инкубаторды сатып алып, өзіміз инкубациямен айналысып осылайша өзімізден шығаруды қалаймыз", - дейді шаруашылық қожалығының басшысы Әбдірахым Қуанышбаев.