Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдық полицейлер зират аумағынан қару-жарақ арсеналын тапты 

Жамбыл облысында қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жамбыл облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады.


"Учаскелік полицей атқан": Солтүстік Қазақстан облысында жидек теріп жүріп оққа ұшқан әйелдің туыстары қайғылы оқиға туралы айтып берді


Екі оқжатары бар “АКС-74У” автоматы, 9 мм калибрлі “ME-38 Marchal” травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 20 Шілде, 2022 15:51
Талқылау