Жамбылдық құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған
Жамбыл облысында ауылдастарының 19 бас жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды. Қаракемер ауылының 36 жастағы тұрғыны бұл әрекетке құмар ойынға құныққаннан барыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видеодан скриншот
Бұған дейін тапқан-таянғанын бәске тігіп барынан айырылған күдіктінің көзі көрші-қолаңның төрт түлігіне түскен. Алғашында жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға он күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған.
Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген құны 2 жарым миллион теңгеге бағаланатын аттар да болған. Күдікті түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін өндіріп берген. Төрт түлік ұрлап оңай олжаға кенелмек болған жігіт бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”