AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбылдағы жарылыс кезінде жоғалып кеткен екі жасар бала табылды

Жамбыл облысында орын алған жарылыс кезінде жоғалып кеткен 2 жасар бала аман-сау табылып ата-анасына тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі ұлттық ұланның әскери қызметшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау кезінде жоғалған балаларды тауып, ата-аналарына қайтарғанын хабарлады. Сонымен қатар құнды заттар да табылған. 

"27 тамыз күні сағат 10:15 шамасында Байзақ ауылында 5513 әскери бөлімі қызметкерлері патруль кезінде қатардағы әскер Н.Ж.Сақтапберген шамамен 2 жасар баланы байқап қалады. Қасында ата-анасы болмаған. Іздеу шарасы нәтижесінде баланың ата-анасы табылып, аман-есен тапсырылды", – деді делінген хабарламада.


  • Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді

Өз кезегінде баланың ата-анасы әскерилерге алғысын білдірген.

Бұған дейін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери бөлімдегі жарылыстан кейін 3 әскери қызметшімен және төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше маманымен байланыс болмай тұрғанын айтқан.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

Төтенше жағайлар министрлігінің мәліметі бойынша, оқиға орнына ең жақын орналасқан 3 елді мекенде 1086 адам тұрады. Жарылыс кезінде олардың 710-ы облыс орталығына эвакуацияланған.

Жалпы оқ-дәрі қоймасындағы өрттің кесірінен база аумағында оннан астам жарылыс болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр