Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев 12 жылға сотталды
Фото: gov.kz
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев пара алғаны үшін 12 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысындағы алқабилер соты облыстың және Қазселденқорғау бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты, оның орынбасары Әділет Ахатаевты және мердігер Андрей Поплавскийді кінәлі деп тапты.
“Тергеу мәліметтері бойынша Көкрекбаев пен Ахатаев мердігер ұйымның директоры Поплавскийден аса ірі көлемде пара алған. Ақша іс жүзінде орындалмаған, аяқталды деген жұмыстардың актілеріне қол қою үшін аударылған”, – делінген хабарламада.
Мемлекетке 2 миллиард теңгеге жуық шығын келген.
Көкірекбаев 12 жылға, Ахатаев пен Поплавский 11 жылға бас бостандығынан айырылды Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және "Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алу кезінде ұсталған еді. Ол 2023 жылғы мамырда Антикорда істің қатысушыларына орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңгеге ірі және аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталды. Маусымда алқабилер соты Көкірекбаевты ақтап алды. Ал оның бұрынғы орынбасары 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
