AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қойма маңында 135 қызметкер болған, 3 адам із-түссіз жоғалып кетті

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары Мұрат Қалыбекұлы Баймұқашев Сарыкемер оқ-дәрілер қоймасында оқиға барысында 135 адам әскери қызметте болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жарылыс

Ол қойма маңында 135 әскери адам қызмет еткенін айтты. Сонымен қатар Мұрат Баймұқашев құжаттар мен қарулар қауіпсіз жерге шығарылғанын мәлімдеді. 

“Біздің әскери бөлімде барлығы 135 адам қызмет етеді, оның ішінде бірнеше мемлекеттік қызметшілер мен әскерилендірілген күзетшілер. Олардың көпшілігі келісімшарт бойынша әскери қызметшілер және 15 жуық офицер болған. Оқиға орнында әскери борышын өтеп жүрген азаматтар болған жоқ. Құжаттарға, қаруға қатысты айтатын болсақ, көптеген әскерилер оқиғаның басынан аяғына дейін сол жерде болған. Қаруды және құжатты эвакуациялау туралы үкім түскеннен кейін олар іске кіріскен. Қазір қару мен тиісті құжаттар эвакуацияланып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Із-түссіз жоғалып кеткен 3 әскери қызметкер бар. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында болған жарылыстан 66 адам зардап шеккені айтылған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр