Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жетті
Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 66-ға жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“26 тамыз сағат 23:30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам жеткізілді. Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і азамат ауыр жарақат алғандар”, – делінген ресми хабарламада.
Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.
Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін 109 телефон нөмірі; 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды. Сонымен қатар 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады