Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы ауыл маңынан тағы бір әуе бомбасы табылды

Жамбыл облысындағы ауыл маңынан тұрғын әуе бомбасын тапты. Бұл туралы 29 жастағы жергілікті тұрғын 22 ақпанда полицияға мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бомба

Ер адам полицияға Байзақ ауданы Ақжар ауылынан 15 шақырым жердегі құмды аймақтан снаряд табылғанын айтқан. Аталмыш аймақ бұрын әскери полигон болған. 

"Бомба табылған жерге шұғыл түрде полиция департаменті мен "Оңтүстік" әскери бөлімінің саперлері жіберілді. Орынға келген соң табылған снарядтың "ОФАБ-100" үлгісіндегі жарықшақты-фугасты әуе бомбасы екені анықталды", - делінген полицейлер хабарламасында. 

Сараптамадан соң саперлер бомбаны жою үшін Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы әскери полигонға алып кеткен. 

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданында тұрғын салмағы 500 келі, ұзындығы 2,5 метр болатын әуе бомбасын тапқан еді. 

Назархан Уән
Сәрсенбі, 23 Ақпан, 2022 15:45
Талқылау