Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көлігінен сотқа шақырту табылды: Жамбыл облысында көз жұмған шенеунік өзін атып тастаған болуы мүмкін

Жамбыл облысында оқ жарақатынан көз жұмған шенеуніктің көлігінен жаңа айғақтар табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

машина чиновник

Жолда қалып қойған оның көлігінен жол жөндеу бойынша қылмыстық іске қатысты куәгер ретінде шақыртылған қағаз анықталды.

Талас аудандық әкімдігі орын алған оқиға бойынша ақпарат беруден бас тартты.

Бұған дейін айтылғандай, көз жұмған азамат Талас облысы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Берік Кемелұлы болып шықты.



Марқұмның денесін жергілікті тұрғындардың бірі автобус аялдамасынан көрген. Полиция мәйіттің жанынан аңшы қаруын тапты. Алдын ала болжам бойынша, 38 жастағы ер адам өзіне өзі оқ жұмсаған. Тергеу жұмыстарына байланысты басқа ақпарат әзірге айтылмайды.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 09 Қыркүйек, 2021 09:17
Талқылау