AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында көпбалалы әкелер 14 миллион теңге заңсыз жәрдемақы алған

Жамбыл облысында 27 көпбалалы әке екі жыл бойы заңсыз әлеуметтік жәрдемақы алып отырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, әлеуметтік төлемдер өтінімінде ер адамдар балаларының өзімен бірге тұратынын көрсеткен. Бірақ іс жүзінде сот шешімімен олар аналарымен бірге тұратыны анықталды. 

Мамандар соңғы екі жылдағы деректерді тексерген. Осы уақыт ішінде жалған жәрдемақы алушыларға 14 миллионнан астам теңге төленіпті. Енді әкелер алған төлемді мемлекеттік қазынаға өз еркімен қайтаруға міндетті. Әзірге республикалық бюджетке 150 мың теңге ғана түскен.

Сонымен қатар мамандар ай сайын жәрдемақы алу үшін бірге тұратын балалар санын көбейтетін тағы 18 ер адамды анықтады. Жалған ақпарат олардың өтінімдерінен табылды. Тағы 38 әлеуметтік төлем алушының үстінен тиісті тексеру жүргізілуде.

"Заң бұзушылық факторы стандарт бойынша өтінімдерде сот шешімдерінің қарастырылмағандығы. Егер өтініш берушілер тиісті сот шешімдерін қолданса, онда мұндай заң бұзушылықтар болмас еді. Регламент стандарттарына өзгерістер енгізу үшін тиісті министрлікке ұсыныстар берілді", – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр