Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз ауруханадан үйіне шығарылды

Отар ауылында әскери борышыны өтеп жүріп, жансақтау бөліміне түскен 19 жастағы Нұржігіт Әбділпат аяққа тұрып, ауруханадан үйіне шығарылды. Сарбаздың анасы қуынышты хабар туралы айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Нұржігіттің қазіргі жағдайы жақсы. Анасы ұлының өзін жақсы сезінетінін айтты. 

“Мен – Нұржігіттің анасымын. Баламның қазіргі жағдайы жақсы. Соған қуанып отырмын. Баламды аяққа тұрғызу үшін ат салысқан, көмектескен дәрігерлерге алғыс айтамын. Шынымды айтсам, ұлым осылай сауығып кетеді ойламадым. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Бәріңізге көп рахмет”, – дейді әйел.

Нұржігіт ем алып жатқан аурухананың дәрігерлері де жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

“Үлкен жеңіс әрі жақсы жаңалық! Бүгін Нұржігіт Әбділпатты үйіне шығарып жатырмыз. Бәріміз осы сарбаз аяққа тұрып кетсін деп тіледік. Бұл оның ата-анасы үшін үлкен қуаныш. Мұнда Қорғаныс министрлігі Әскери госпиталінің дәрігерлер командасының еңбегі зор”, – деп делінген жазбада.

Еске салайық, Жамбыл облысы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қазір ауыр жағдаймен жансақтау бөлімінде жатқызылды.Анасы Жанна Жаналина ұлын соққыға жығылған деп санайды. Дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтты. Нұржігіт әуелде басы айналып, жүрегі айнығанына шағым білдірген. Анасының айтуынша, cарбазды 8 маусымда Қордайдағы ауруханаға әскерилер алып келген. Сарбазға пневмония диагнозы қойылған. Ал Қорғаныс министрлігі әскери қызметшінің бастапқыда медициналық орталыққа жалпы әлсіздік және дене қызуының көтерілу шағымдарымен жүгінгенін хабарлады.

24 маусымда әскери қызметкер комадан шықты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істі жан-жақты тексеруді тапсырды.

 

Талқылау