Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында "Жас маман" жобасы аясында колледждерге бөлінген 171 миллион теңге жымқырылған

Қаржылық мониторинг агенттігінің жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

Департамент қызметкерлері "Жас маман" жобасы шеңберінде бөлінген 171 млн.теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

"Жобаның мақсаты колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу болып табылады", – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Назархан Уән
Дүйсенбі, 11 Шілде, 2022 09:47
Талқылау