Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ҚазАвтоЖол директорының орынбасарына қатысты тергеу басталды

Жамбыл облысы бойынша ҚазАвтоЖол директорының орынбасары Дәурен Түлтаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растады.

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, аймақта алғашқы қар жауған кезде ҚазАвтоЖол әрекетсіздік танытқаны сол тергеуге ықпал еткен.

Ұлттық оператордың баспасөз қызметі қысқа дайындық жұмыстарын уақытылы жүргізбегені үшін жауапқа тартылуда деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ауа райының нашарлауы кезеңінде оның салдарын жою мақсатында 120-дан астам техника жұмылдырылды, сондай-ақ көрші өңірлерден қосымша техника тартылғанын атап өткен жөн. Автожолдарды тазалау жұмыстары нормативтік мерзімдерге сәйкес жүргізілді", – деп атап өтті ҚазАвтоЖол.

Бұған дейін де "ҚазАвтоЖол" қыста жолдардың жабылуына қатысты жауапкершілікке тартылды деген ақпаратқа түсініктеме берген еді.

Талқылау