Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жамбыл облысында газдан уланып көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысында газдан уланып, қайтыс болған жеті, бес, үш жастағы балаларды жақындары жер қойнына тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мен сарапшылар жағдайдың анық-қанығын анықтап жатыр. Белгілі болғандай, жалғызбасты жұмыс үшін балаларды үйде қалдырып кеткен. 

Ол Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында пәтер жалдап тұрған. Әйел сауда орталығындағы жұмысына кетерде газ пешін қосып, балаларын үйде қалдырып кеткен. Сол күні күн суық болған. Жұмыстан үйге оралғанда балалар уланып қалған. Олардан ешқандай тіршілік белгілері байқалмады. Сондай-ақ оларды реанимациялау да мүмкін болмады. 

Мамандар қыздардың өліміне не себеп болғанын бірден айтты, олар ақауы бар пештен шыққан көмірқышқыл газына уланып қалған. Айтуларынша, мұндай газдан бірнеше минут ішінде улануға болады. Үй иесін жауапкершілікке тартылып-тартылмайтыны әзірге белгісіз.



“Негізгі себеп – тарту күшінің болмауы. Үйде қолдан жасалған жылыту пеші пайдаланылған. Сондай-ақ мұржаға қатысты акті мен техникалық қызмет көрсету шарты мен газдан қорғау дабылқаққышының орнатылмағаны анықталды. Дәл осы тарту күшінің болмауы өлімге алып келуі мүмкін”, – дейді "QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының басшысы Абыл Юсупов.

Бұған дейін Жамбыл облысында үш бала анасы жоқта газға уланып көз жұмғаны туралы жазған едік. Үш баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, қылмыстық іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 09:17
Талқылау