Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында фосфор зауытындағы жарылыс: Оқиғаның мән-жайы анықталды

Бүгін Жамбыл облысындағы Новоджамбул фосфор зауытында жарылыс болған еді. Кәсіпорын әкімшілігі оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Новоджамбул фосфор зауыты әкімшілігінің айтуынша, жарылыстың алдын ала себебі қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамағандықтан.

"№7 цехтың қызметкері Данияр Орманов пен №31 цехтың шикізат дайындау жөніндегі жетекші инженері Шахадияр Қалдыбайдың денелерін химиялық күйік шалды. Зардап шеккендер №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Жұмыс тоқтатылды. Оқиға орны қоршауға алынды. Қазіргі уақытта мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен комиссия құрылды. Алдын ала себеп қауіпсіздік шараларының сақталмауы. Қазіргі таңда "НЖФЗ" ЖФ ЖШС - "Фосфор зауыты" өкілдерімен байланыста"", - деп хабарлады зауыт әкімшілігі.

Дәл қазір Данияр Орманов 22 пайыз күйікпен жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты. Шахадияр Қалдыбай 15 пайыз күйікпен жалпы палатада жатыр, жағдайы қанағаттанарлық.

Зауыт зардап шеккен жұмысшыларға қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты.

 

Талқылау