Жамбыл облысында ер адам асырап алған қызын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com
Жамбыл облысының Талас ауданында 35 жастағы ер адам асырап алған 10 жасар баланы өлтірді деген күдікке ілінді. Қыз өлер алдында аяусыз соққыға жығылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, Жуалы ауданында тұратын отбасы тағы төрт асырап алған баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы оқиға кезінде олар Таласта болған. Тергеу балалардың басқа ауданда болу себебін анықтап жатыр.
Полиция күдіктінің қамауға алынғанын мәлімдеді.
“Бұл оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазір іс бойынша тергеудің толықтығын, объективтілігін және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында әйел психикалық ауытқуы бар баланы асырап алып, ұрып-соғып келгені туралы жазған едік.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
