Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында екі әйелді бауыздап өлтірген шетелдіктің мәйіті табылды

Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Өзбекстан азаматының мәйітін тапты. Ер адам бір айдан астам уақыт бойы Тұрар Рысқұлов ауданында жасалған екі әйелдің өліміне қатысты іс бойынша іздеуде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.  

шопан

Өзбекстанның 54 жастағы азаматының мәйіті бұрын өзі әйелдерді өлтірген ауданнан табылған.

Жедел уәкілдердің алдын ала мәліметтері бойынша, ер адам өзіне-өзі қол жұмсаған. Тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтер жасырын қалды.

"Өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар мәйіттің жеке заттары бойынша жоғарыда аталған қылмысты жасаған күдікті екені алдын ала анықталған. Күдіктінің қайтыс болу себебін анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасаған ер адам іздестіріліп жатқаны мамыр айында белгілі болды

Кейіннен Тұрар Рысқұлов ауданы Мамай ауылында шопан таудағы үйде екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-қайым жоғалғаны хабарланды. Бұл жағдайдан шошып қалған ел-жұрттың сөзінше, қаскөй екі әйелді азаптап, артынан бауыздап тастаған.

Талқылау