Жамбыл облысында дәрігерлер оқушы қызды азғындады деген күдікке ілінді
27 шілдеде Байзақ ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын екі ер адамның кәмелетке толмаған қызын азғындағанын айтып арызданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтық полиция департаментінің дерегінше, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде сол ауданның екі тұрғыны анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.
- Балаларды зорлады деген күдігі үшін әйелі күйеуін атып өлтірмек болды
- Петропавлда жазасын өтеп жүрген қылмыскер 8 жастағы қызды зорлады
“Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің "16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды”, - делінген ақпаратта.
Orda.kz сайтының жазуынша, күдіктілер медицина қызметкерлері болып жұмыс істейді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”