Жамбыл облысында болған жарылыстың алдын ала себебі айтылды
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында болған жарылыстың алдын ала мүмкін себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр қазіргі таңда жарылыстың себебі нақты анықталмағанын және оның бірнеше себебі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.
“Болған оқиғаның себебін арнайы тергеу тобы анықтауда. Біз алдын ала болжам бойынша бірнеше нұсқалар қарастырып жатырмыз. Бұл сақтық шараларын дұрыс сақтамағандықтан, өзінен-өзі өртену, химиялы реакция болуы да мүмкін. Тіпті қасақана өртеп жіберген деген нұсқа да қарастырылуда”, – деп мәлімдеді министр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”