AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
AAPL
144.84 $
0.75 %
TSLA
843.03 $
3.02 %
NDAQ
203.02 $
1.19 %
GOOGL
2827.36 $
0.15 %
FB
324.76 $
-1.15 %
FRHC
63.3 $
-1.45 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыстан төрт әскери қызметкер қаза тапты

Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметкер қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы мәлімдеді. 

“Өкінішке қарай, өрт сөндіру кезінде 4 әскери қызметкер көз жұмды. Қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Қазіргі таңда бірнеше адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Олар тірі деп үміттенеміз. Іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – дейді Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы.

Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан келісімшарт бойынша екі әскери қызметші – 1981 жылы туған сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай және 1981 жылы туған ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1969 жылы туған әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Дайырбекұлы Далибаев қаза тапты.

Сержант Марат Мешінбай мен ефрейтор Руслан Жанболатов өрттің алғашқы минуттарынан бастап әскери бөлімнің өрт сөндіру командасының құрамында болды. Жарылыстардың жанында болып, олар ауыр жарақаттар алды.

Әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев қойманы күзету жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі қызметін атқарды. Қызметтік міндеттерін атқаруда оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан қаза тапты.

Қаза тапқандардың төртіншісі – Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры әділет полковнигі Арман Қапезов.

Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс ведомствосы тарапынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша барлық шаралар қабылданатын болады.

Министр қаза тапқандардың ішінде қарапайым халықтың жоқ екенін айтты.  

“Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандардың ішінде бейбіт тұрғындар жоқ”, – деп мәлімдеді министр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр