Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басшылар ақшаны қайтарып беруімізді талап етті": Жамбыл облысында медбике шағымынан соң бас дәрігер жұмыстан қуылды

Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Батырхан Алпысбай мен оның орынбасары Абзал Байтөреев Жамбыл облысындағы медицина қызметкері Фарида Жанбатырованың шағымынан кейін жұмыстан босатылатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Жуалы аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Фарида Жанбатырова әлеуметтік желілерде аурухана басшылығының атына шағым жасаған. Ол медициналық мекемеде ақша жинайтынын айтқан.

Жанжал медицина қызметкері әлеуметтік желілерде аурухана басшылығы ақша жинайтынын мәлімдеген соң туындаған.

"Емхана басшылары бізге түскен 160 мың теңгенің 39 000 теңгесін қайтып беріуімізді талап етті. Неге деп сұрақ қойғанда, жоғарыдағы басшылардың талап етуі, соларға қайтарып береміз деп айтты", - дейді медбике желіде тараған видеода.

Жамбыл облысының әкімі медициналық ұйымға қызметтік тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия жіберді.

"Қызметтік тексерудің алдын ала нәтижелері бойынша медицина қызметкерінің кейбір дәлелдері расталды. Ұжымда жағымсыз моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан, оған бірінші кезекте, емдеу мекемесі басшылығының кәсіби міндеттеріне жауапсыз қарау әсер етті", - делінген әкімдік баспасөз қызметінің ақпаратында.

Тәртіп бұзушылықтар үшін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Батихан Алпысбай, бас дәрігердің экономика жөніндегі орынбасары Абзал Байтореев қызметінен босатылады.

Сондай-ақ, Жуалы ауданының әкімі Нарбай Еркебековке сөгіс жарияланды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр