Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 адамнан коронавирус анықталды: Әкімдік түсініктеме берді

Жамбыл облысында бүгін коронавирус жұқтырған 17 адам тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қанат Құлшмановтың айтуынша, жұқтырғандардың арасында басқа жақтан келгендер және науқастармен байланыста болғандар бар.

"Бүгін біздің облыста COVID-2019 бойынша 17 оқиға анықталды. Негізінен бұл сырттан келген жағдайлар немесе байланыста болған адамдар", - деп түсініктеме берді Құлшманов.

Төрт науқас - Үндістаннан келген рейс жолаушылары. Ұшып келген жолаушылар арнайы автобуспен медицина қызметкерлері мен полицияның бақылауымен карантиндік стационарға жеткізіліп, оқшауланды. Лабораториялық зерттеу нәтижесі бойынша 1984 жылы, 1996 жылы, 1998жылы, 2000 жылы туған төрт жолаушыдан инфекция анықталды.

Қордай ауданында үш жағдай тіркелді. 1975 және 1982 жылдары туған екі тұрғын Нұр-Сұлтан қаласының вирус жұқтырған тұрғынымен байланыста болғандықтан карантиндік стационарда жатқан. Тағы бір науқас 1999 жылғы азаматша 23 наурыз күні Қостанай қаласынан "Қостанай-Алматы" пойызымен келген.

Шекара пунктеріндегі күшейтілген шараларға байланысты Қазақстанға кіретін барлық азамат карантиндік стационарға жатқызылады, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушілері де бар. Нәтижесінде 10 науқас анықталды. Олардың 4-еуі Қырғызстан азаматы болса, 6-уы көршілес елден жүк тасыған Қазақстан тұрғыны.

Науқас азаматтардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Байланыста болған адамдарды анықтап, оқшаулау және тұрғылықты мекен-жайы мен науқастардың барған жерлерін дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Бұған дейін елде коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелгені хабарланды,

Талқылау