Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сэндвич пен бургер сатып алған": Жамбыл облысында 12 оқушы жаппай уланып қалды

Жамбыл облысында 12 оқушы жаппай уланып қалды

Фото: Ru.freepik.com

Жамбыл облысында сабақ кезінде бесінші сынып оқушылары іші ауырып, жүрегі айнитыны айтып шағымданды. Санитарлық дәрігерлер олардың сатып алып жеген фастфудын тексеріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мырзатай ауылында 12 оқушы уланып қалған. Оқушылардың үлкен үзіліс кезінде мектепке жақын дүкенге барып, сэндвич пен бургер сатып алғаны белгілі болды. Осыдан кейін балалар өздерін жайсыз сезініп, улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Қазір мамандар фастфудтың қай құрамдас бөлігі сапасыз болғанын анықтап жатыр.

“Тәулік бойы ауруханада жатқызу туралы көрсеткіш болмағандықтан, балалар медициналық бақылаумен үйлеріне жіберілді. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Басқа науқастар тіркелген жоқ. Барлық зертханалық сынамалар алынды, нәтижелер әзірге дайын емес”, — деді Жамбыл облысы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева.

Балалар уланғаннан кейін сауда нүктесі бірден жабылып, бір тәуліктен соң қайта ашылған. Ал мектеп әкімшілігі енді балалардың қайда барып, не жеп жүргенін мұқият бақылап отыратынын мәлімдеді.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 08:36
Талқылау