Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында 100-ге жуық әскериден коронавирус анықталған

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы шара жүргізу үшін 12 штаб, 51 мобильді топ жұмыс  жұмылдырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

военные

Облыс әкімі онлайн форматтағы брифингте мемлекет басшысының коронавирусқа қарсы іс-қимыл және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі тапсырмаларының орындалуына тоқталды.

27 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирустың 358 жағдайы анықталған. 30-ы аймаққа сырттан келсе, 99-ы әскери, 22-сі медицина саласының, 7-еуі полиция қызметкері. Сондай-ақ, айыққандар саны 173-ке жеткен. Бір адам көз жұмған, ол Павлодар облысының тұрғыны. Облыста 7 зертхана жұмыс жасап жатыр. Онда барлығы 23753 адам сынақтан өткен.

"Қазіргі таңда жұқпалы ауруханада 132 адам жатыр. Негізінен олардың барлығының жағдайы орташа. Дәрігерлердің бақылауына алынған. Үй карантинінде 1580 адам оқшауланған. Жалпы осы ауруға шалдыққандарды емдеу үшін өңірде 1424 орын дайындалып, оған қосымша 80 провизорлық орны ашылды. Осы жұмыстарды сапалы жүзеге асыру үшін 867 медицина қызметкерлері тартылған. Медицина қызметкерлеріне арналып алты қонақүй дайындалды. Қазір онда 246 медицина саласы қызметкерлері уақытша тұрып жатыр, – деді Сапарбаев.

Медицина және полиция қызметкерлерін, әскерилерді керекті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2,5 мың медицина қызметкеріне 400 миллион теңгеден астам жәрдемақы төленді.

Сапарбаев тексеруді жеделдету үшін 7 зертхана жұмыс істейтінін айтты. Халықтың  сұрақтарына жедел жауап беру үшін арнайы 109 жәрдем штабы құрылды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр