AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген Ақорда жариялаған жарлықта.

Бұған дейін Жамбыл облысын Бердібек Сапарбаев басқарған болатын.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары.

1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын "Инженер-механик", 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін "Экономика" мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.

Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы сынды қызметтерді атқарды. 

Одан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Байзақ ауданының әкімі болып жұмыс істеген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр