Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жамбасы сынса да, жеті сағат бойы концерт көрген": Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің ерекше жанкүйерінің оқиғасын бөлісті

ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Света Айтбаева Димаш Құдайбергеннің ерекше жанкүйерлері бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sveta_aitbaeva73/

Өнер иесінің сөзінше, жамбасы сынып қалса да, концерттен қалмаған әженің оқиғасы ешкімді бейжай қалдырмаған.

“Валентина есімді апамыз дәл Димаштың концерті болатын күні құлап, жанбасын сындырып алады, бірақ жарақатына қарамастан, ол Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырып тұрғанын ұмытып, әрбір әннен ләззат алады. Бүкіл аурухана әлі күнге дейін таңғалып, күліп отыр. Өйткені ол жамбас сүйегі сынғанына қарамастан, Димаштың концертіне барып, жеті сағат бойы ауырсынуды шыдап тыңдаған!
"Мен Димашты әнші ретінде өте жақсы көремін, адам ретінде құрметтеймін және бұл оқиғаны өткізіп алуға болмайды деп ойладым. Сырттай күліп отырмын, ал ішімде не болып жатқанын білсеңіз ғой... Бірақ менде ертерек кету немесе бармай қалу туралы ой болмады. Әрбір әннен ләззат алып отырдым. Ойлап қарасам, тағы да құлап қалуым мүмкін, бірақ Димашты енді көрмеуім де ғажап емес!" деді. Дәрігерлер неге ертерек келмедіңіз десе: “Димаштың концертінде болдым” депті. Осындай қызық өте көп” – деп жазды өнер иесі. 



Сондай-ақ Света Айтбаева жанкүйермен кездесіп, хәлін сұрағанын жеткізді. 

“Валентина Толмачёвамен біраздан бері телефонмен сөйлесіп жүретінбіз. Димаштың концертіне келгісі келетінін айтқан кезде қуана шақырып едім. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарға арналған пансионатта тұратынын білетінмін. Бүгін біз бірінші рет кездестік. Жамбас сүйегі сынып, операциядан шығып отырса да жүзінен нұры төгіліп, әдемі күлкісімен баршамызды баурап алды” – деді өнер иесі. 

Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ұлдарының қашан үйленетінін айтқан еді. 

 

Талқылау