Жалығып кеттім: Бағлан Әбдірайымов квартет орындайтын әндерді ұнатпай жүр
Биыл «Жігіттер» квартетінде мерейтой. 2003-ші жылы Шымкент қаласында құрылған төрттік 15 жыл ішінде талай қиындықты бастан кешкен. Бүгінде есеп беру кешіне қызу дайындыққа кіріскен ұжым, кезінде топтың тоқырауға тап болған кезеңдерін де жасырмады. Осы уақытқа дейін дүйім жұртқа беймәлім болған келеңсіз жайттар жайлы Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Бағлан Әбдірайымов баяндап берді.
«Топтан Еркін Нұржанов кеткен кезде әбіржіп қалған кезіміз болды. Оның орынына Мырзахан келді. Одан кейін Айдардың тойы өткен соң біздің продюсеріміз Ерғали ағамен арамызда түсініспеушілік болып қалды. «Бізге продюсер керек емес, өзіміз жұмыс жасаймыз» – деген сияқты кикілжіңдер болған еді. Бірақ көпке созылған жоқ. Кейін әңгімеміз қайта жарасып, қайтадан жұмысты бастап кеттік. Ол кезде біз бала болдық. Қазір топтағы біреуіне кет десең, ешкім кетпейді ғой. Өйткені біз бір-бірімізге үйреніп қалдық», – дейді Әбдірайымов.
Сондай-ақ топ құрылғалы бері, «Жігіттер» төрттігі бірнеше қателікке бой алдырған. Қазіргі таңда аталмыш топқа жастардың сұранысы жоқтың-қасы. Мұндай олқылыққа жол берген бойзбенд, себебін былай деп түсіндіреді…
«Мен анық айта аламын «Жігіттер» тобы қазіргі таңда жастардың сұранысында емеспіз. Жастар бізге жатырқай қарайды. Өйткені біз 19-20 жасымызда қаншама қыздарды өнерімізге ғашық қылып, солардың қолдауымен сахнаға шықтық. Уақыт өте келе көрермендерімізбен бірге біздің жасымыз ұлғайып кетті де, кейінгі жастарға көңіл бөле алмай қалдық. Яғни, тек бір бағытта қана жұмыс жасай бердік. Ол ретро әндер, халық әндері және лирикалық әндер. Бізді кем дегенде бір баласы бар келіншектер тыңдайды, аналарымызбен қатар кісілер құрметтейді. Апаларымыз бен көкелеріміз арқамыздан қағып тұрып сыйлайды. Ал жастардың сүйіспеншіліктерін баурай алмадық», – дейді Бағлан Әбдірайымов.
15 жыл ішінде «Жігіттердің» тағы бір кемшілігі бар. Олар ауқымды аудитория жинауда кенже қалған. Сондай-ақ, жаңашылдыққа келгенде, сараңдық танытатын тұстары да көп екен.
«Біз шоуға да жоқпыз, биге де жоқпыз. Біз ондай ештеңеге жоқпыз. Біздің көрермендеріміз, тыңдармандарымыз бізден әуезді ән естігісі келеді. Біз соны беруіміз керек. Біз үлкен стадиондарда, «Алматы аренада» концерт бере алмаймыз. Өкінішке орай ол жерде жанды дауыста айтылатын әндер бар. Біз халықпен қарым-қатынаста бола алмаймыз. Біз өзімізді ыңғайсыз сезінеміз. Өйткені ән айтып жатқан кезде көз алдымызда отырған халықты толық сезінуіміз керек», – дейді «Жігіттер» тобының әншісі.
Бүгінде «Жігіттер» тобының әр мүшесі жеке шығармашылыққа белсене кіріскен. Мәселен, Бағлан жуырда ғана еліміздің батыс аймағында өзінің ән кешін өткізіп қайтқан еді. Алдағы уақытта ұжымның мерейтойын абыроймен атқарып, топтағы жұмыстан гөрі, жеке әншілігіне мықтап кіріспек ниетте. Әншілердің мұндай қадамға баруының өзіндік себебі де бар көрінеді.
«Былтыр неге жеке шығармашылығымды бастап кеттім?! Себебі «Жігіттерде» жүріп жалығып кеткен кезім болды. Өйткені маған ұнайтын әндерді олардың айқтысы келмейді. Жігіттердің әндері маған ұнамайды деген сияқты болып кетті. Сондықтан осы 15 жылдықты өткізіп алғаннан кейін, өзімнің жеке шығармашылығыма ден қоймақпын. Өзімнің жеке әнші ретінде қазақ өнеріндегі орынымды қалыптастырғым келеді», – дейді Бағлан.
Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады.
Құрметті оқырман! Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Тағы оқыңыз:
Әйгілі қазақ әншілеріне пародия жасаған Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды (видео)
Гүлназ Әлімгерей: Немересіне орысша сөйлеп отырған ата-әжелерді көріп жаным ашиды
Пайдалы сөз айтқаннан балағаттаған тиімдірек: Айжан Байзақова қалай танылғанын айтып берді
Жасырған едік: Майғазиевтің анасы келінінің жүкті екенін түс көріп білген
Дәрігерлер Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдейтінін айтады