"Жалғыздығын сездім": Тамара Асар Назарбаевпен жолыққанда не үшін жылағанын түсіндірді
2018 жылы Тамара Асар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жолыққанда не себепті жылағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Өнер иесі бұрынғы президенттің әйелдер қауымы өкілдерімен өткізген "Көктем шуағы" атты кездесуінде неге жылап қалғанын журналист Дина Төлепбергенге түсіндірді.
“Нұрсұлтан Әбішұлы ана туралы өлең оқыды. Бәріміздің ойымызға анамыз келді. Анамды қатты жақсы көремін. Анаммен сырлас адаммын. Маған тұжырымдап сөз айтып, тоқтататын – анам. Әкем қатты еркелетсе, шешем тоқтатады. 2018 жылы жылағанымның себебін айтайын. Мен ол кісінің жалғыздығын сездім. Бірінші біз емес, ол кісі еңкілдеп жылады. Оның жылағанын қиып тастайды да, бізді шығарады. Ол кісі ана туралы айтып отырғанда көзінің жасы тоқтамай аққанда біз де жылап қалдық. Ана туралы аңызға егіліп жыламайсың ғой. Ол кісінің жалғыздығы көрініп тұрды", – деді Тамара Асар.
-
"Үн шығармай күтуге тура келді": Тамара Асар не себепті жеті күнде тұрмысқа шыққанын түсіндірді
-
"Екі аяғым екі түрлі еді": Тамара Асар протезді жасыруға арналған көйлектерін көрсетті
Сондай-ақ ер адамдардың болмысын да талқылап, ер адам табиғатынан алыстағанда жалғызсырайтынын айтты.
"Әйел болу дегеніміз – процессте жүру. Бала туады, түрлі жұмыстарды істейді. Балаларына алаңдайды. Ер адам болу іш пыстырады. Себебі ол тамақ пісірмейді, себебі пісіретіндер бар. Ер адам не істеу керек? Ер адам ақша табуы керек. Ер адам жауға шабуы керек. Жауды қайдан табасың, бейбіт күнде? Кіммен барып соғысасың? Өзінің табиғатында қан көру керек. Ол қазір басқа формаға айналып бара жатыр. Себебі өзінің табиғатынан алыстап кетті. Ал алыстаған кезде ол жалғызсырайды, ол жылағыш болады. Ол бала кейпіне түсіп кетеді. Ер адам еркіндікпен әйелінің қасында болуы керек. Жауға жаппаған ер адамды әйелі артығырақ сүюі керек. Сонда ол ер адамның табиғатынан алыстамайды. Сүю керекпін, сүйемін де", — деді ол.
Еске салайық, Тамара Асар алғаш рет жолдасының дәнекерлеуші екенін айтқан болатын.