"Жалған жұмысшыларға жалақы төлеген": Көкшетауда балабақша басшысы 3 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды
Көкшетаудағы балабақшалардың бірінің меңгерушісі жалған жұмысқа орналастырылған қызметкерлерге жалақы аударып отырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облыстық прокуратурасының мәліметінше, аталған қаржы балабақшаның қажеттіліктеріне бөлінген, алайда балабақша басшысы ай сайын жалған жұмысшылардың банктік шоттарына ақша аударып отырған.
Кейіннен банктік шоттардың иелері түскен қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырып, лауазымды тұлғаға беріп отырған.
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 млн теңгеден асты.
Анықталған құқық бұзушылық бойынша прокуратура ҚР ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”