AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
AAPL
130.48 $
2.46 %
TSLA
617.69 $
1.28 %
NDAQ
175.16 $
1.28 %
GOOGL
2448.91 $
0.77 %
FB
336.77 $
1.66 %
FRHC
59.48 $
1.16 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жалаңаштанып шешініп тастаған: Актриса Фариза Ескермес өзін такси жүргізушісі зорламақ болғанын айтты

Әнші, актриса Фариза Ескермес басынан өткен ауыр жағдайды баяндап берді. Айтуынша, біршама уақыт бұрын өзін такси жүргізуші зорламақ болған. Алайда қаскөй сол күйі жауапқа тартылмаған екен.

Бұл туралы "Папарацци" бағдарламасында айтылды. 

Фариза Ескермес 18 жасында басынан өткен оқиғасын айтты. Актрисаның айтуынша, бейтаныс такси жүргізушісі өзін зорламақ болған. Осыдан соң бойжеткен такси жүргізушілерінен қорқып қалған. 

"18 жасымда Алматыда келеңсіз жайтқа тап болдым. Қазақ жігітінің түрі әлі есімде. Такси жүргізушісі еді. Мен таксиге отырдым. Үйге бара жатқанмын. Ол мені қараңғы бұрышқа әкетіп бара жатты. Көліктің есіктері ашылмайды. Ол терезесін бұрап ашатып көлік еді. Ер адам киімін шешіп тастапты. Мені зорламақ ниетте екен. Мені белбеумен байлап тастаған. Сол кезде көліктің терезесін ашып, көмек сұрап үлгердім. Мені естіп көмекке жүгіргендер болды. Таксист бірден мені сыртқа итеріп жіберіп қаша жөнелді. Көліктің нөмірін ешкім қарап үлгермеді. Сол күйі жауапсыз кетті. Бірақ ол жас жігіт еді. Өзі қазақтың жігіті. Түрі әлі есімде", - деді актриса. 

Айтуынша, актриса осы оқиғадан соң қатты шошынып, күйзеліскен түскен. Алайда полицияға арызданбаған. Ешқандай айғақ болмағандықтан жауапқа тартуға жүгінбеген екен. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр