Семейде автобус жүргізушілері ереуілге шықты
Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шықпады. Олар жалақының төленбегеніне шағымданды. Semey Bus автопаркінің жүргізушілерімен қала әкімі Ермак Сәлімов кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Семей қаласы әкімдігінің хабарлауынша, еңбек инспекциясы автопаркке автобус жүргізушілеріне жалақы бойынша қарызды өтеу қажеті туралы бірнеше рет ескерткен.
"Жұмыс берушінің берешекті өтеу туралы кезекті есебі бүгін, 15 желтоқсанда, әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссия аясында өтуі тиіс еді. Жұмыс берушіге еңбек инспекциясы қарызды төлеу қажеті туралы бірнеше рет ескерткен", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта кездесу өтіп жатқаны белгілі. Әкімдік оның қорытындысы туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”