"Жалақы аз": Алматыда "Сулпак"компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартты
Алматыда тұрмыстық техника сататын "Сулпак" компаниясының 60-тан астам жүргізушіcі жалақының аздығына байланысты жұмысқа шығудан бас тартты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Түсірілімнен скриншот
Ауырды арқалап, бірнеше тапсырысты орындайтын жұмысшылар тапсырыс дұрыс есептелмейтінін айтты. Бұған дейін бірнеше мәрте айтқанымен, ешқандай нәтиже жоқ екен.
Сулпак тұрмыстық техникалар компаниясының Алматыдағы жүргізушілері жұмысқа бармай, наразылықтарын білдіруге жиналды. Себебі жаңа жылдан бері жалақылары толық түспеген. Олар еңбектеріне сай ақы ала алмай жүргенін айтады
“Күніне жоқ дегенде ең азы 23 тапсырыс жеткіземіз. Орташа есеппен алғанда 15 мың шығады. Соны 22 күнге көбейткеннің өзінде 400 мыңнан асады. Тұрақты жалақы мөлшері – 350 мың теңге. Сыйлықақы мен бонусты қосса, 500 мыңнан аса шығады. Бірақ 250 мың, 225, 190, тіпті біреуі 150 мың ғана түседі”, – деді компания жүргізушісі Ғалымжан Құсайын.
- Алматы қаласына арналған 2023 жылдың ораза кестесі
- Келесі апта Алматы қаласында және тағы екі облыста жер сілкінісі болады деп күтілуде
Әрбір жүргізуші күнделікті апарған тауарларын өздері есептеп ақшасын шығарады. Себебі компанияның тапсырыс беретін ұялы телефондағы қосымшасында сома көрсетілмейді
“Өзіміз заттарды түсіріп, соны кіргіземіз. Лифті істемейтін үйлерге баспалдақпен көтеріліп тасимыз. Істеп жатқан жұмысымызға жалақымыз сай болмағаннан кейін осылай шығып жатырмыз. Дүкеннен жинайтын тауар бар, оның бәрін біткенше үлгермейміз. Үлгермей қалған тапсырысты жеткіземіз. Оған төлене ме, төленбей бе тағы да белгісіз”, – деді тағы бір қызметкер.
Ал тұрмыстық компанияның басшыларын жүргізушілердің мәселесі емес, тұрғындарға жетпеген тапсырыстар алаңдатып отыр. Олар жүргізушілердің айлықтары көтерілмейтінін кесіп айтты.
“Жүргізушілердің айлығын көтеру туралы айта алмаймын. Күз айында тапсырыс көп болғасын жүргізушілердің жалақысы да өсті. Ал Жаңа жылдан кейін сәйкесінше тапсырыс ас. Осыған байланысты айлықтары да аз шығуда. Бұл жерде тұрақты сома және қосымша тапсырысқа байланысты жалақы есептелінеді”, – деді SULPAK компанияныңHR директоры Арина Епихина.
Компания өкілінің айтуынша, мегаполис бойынша 90-нан астам жүргізуші бар. Қазіргі уақытта олардың ешқайсысы жұмыстан шығарылған жоқ. Әзірге екі жақты келісім жүргізіліп жатыр. Жүргізушілер компаниямен келісім болмаса, еңбек инспекциясына арызданбақ.

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
