Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жала мен қиял": Макрон әйелін ер адам деп атаған блогерді сотқа берді

Макрон әйелін ер адам деген блогерді сотқа бердіФото: Getty Images

Франция президенті Эммануэль Макрон мен жұбайы Брижит өздері туралы жалған ақпарат таратқан америкалық блогерді сотқа берді. Блогер Макронның әйелі ер адам болып туған деп мәлімдеп, миллиондаған адамға таратқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Макрон мен жұбайы мұны жала деп танып, АҚШ-тағы сотқа 218 беттен тұратын шағым түсіріп, АҚШ-тың Делавэр штатындағы сотқа тапсырды.

Блогер бірнеше рет Брижит Макронның ер адам болып туғанын жария еткен. AFP агенттігінің хабарлауынша, шағымда Оуэнс таратқан ақпараттар "жалған, жала және ойдан құрастырылған" деп сипатталған.

Кэндис Оуэнс – әлеуметтік желілерде миллиондаған жазылушысы бар, конспирологиямен айналысатын танымал тұлға. Ол Брижит Макронның жынысын өзгерткені туралы бейнероликтер сериясын да жариялаған ("Брижитке айналу" атауымен).

Бұл теория бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерде таралып келеді және онда Брижит Макрон шын мәнінде Жан-Мишель Троньё деген атпен туған делінеді. Алайда бұл – Брижиттің туған ағасының есімі, және теорияның ешбір дәлелі жоқ.



BBC Кэндис Оуэнстен пікір алуға тырысқан. Ал Макрондар өз адвокаттары арқылы бірнеше рет блогерден мұндай жалған мәлімдемелерден бас тартуды сұраған. Бірақ ол ескертулерге құлақ аспаған. Сондықтан олар жағдайды түзетудің жалғыз жолы – сотқа жүгіну деп шешкен.

Сонымен қатар Макрон отбасы Кэндис Оуэнсті тағы екі жала жабу дерегі бойынша айыптап отыр. Ол Эммануэль мен Брижит туыстық қатынаста болғанын және Макрон "АҚШ-тың Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) жүргізген сананы басқару бағдарламасы аясында президент болып сайланғанын айтқан.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 11:49
Талқылау