Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жақсылық Үшкемпіров пен Нұрсұлтан Назарбаев күш сынасты (видео)

Жақсылық Үшкемпіров Ақордада елбасының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттау рәсімінен кейін сөз алған Олимпиада чемпионы Жамбыл ауданына қарасты бір ауылға газ тартқызып, спорт кешенін, балабақша, қолжетімді пәтерлер салдырып бергенін айтты. «Менің бір арманым бар. Осы көп болса 5 мыңнан аса ауыл бар шығар. Соны қазақтың 5 мың жігіті көтеріп жіберсе, одан артық қандай бақыт керек. Мен соны ойлаймын», – деді Жақсылық Үшкемпіров елбасына қарата.

Өз кезегінде Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында біраз азаматтың қалталы болғанын айта келе: «Енді тапқанының біразын елге берсе, сен сияқты. Жас отбасыларға 50 пәтерлі үй салып бердің. Балабақша салып бердің. Спорт кешенін салдың, қазір 200 бала күресіп жатыр», – деді.

Айта кетейік, Жақсылық Үшкемпіров – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР еркін күрес бойынша чемпионы, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), Олимпиада чемпионы.

Тағы да оқыңыз:

Жақсылық Үшкемпіров жас балуандардың бірін алып жықты

Бахтияр Артаев: Спортта жүрген қандастарымыздың арасында жат ағымдарға ілескендері көп

Елімізге танымал әншіні жат ағымға кіріп кеткені үшін әкесі байлап ұстап отыр

Талқылау