Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жақсы ғой, даму бар деген сөз”: Көлік вице-министрі Астанадағы кептеліс туралы айтты

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров Астанадағы кептеліс мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Вице-министр жол құрылысына әкімдік өкілдері жауапты екенін айтты.

"Негізі жол құрылысы министрліктің нормативтік құжаттарына енгізілгенімен, құрылысқа әкімдіктер рұқсат береді. Әкімдікте автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі бар. Олар бәрін жоспарлайды. Биыл және былтыр үлкен көлемде даму бойынша талқылаулар жүргізілді", – деді вице-министр.



Сонымен қатар вице-министрге бұл талқылауларда не себепті көлік кептелісі мәселелерін шеілмей жатыр деген сұрақ қойылды.

“Жүріп жатқан жол жөндеу жұмыстарына байланысты көлік кептелісі болады. Кептеліс деген жақсы ғой, кептеліс болса, даму бар деген сөз. Даму деген жақсы емес пе?  Бұған жергілікті атқарушы органдар жауап береді деп ойлаймын", – деп жауап берді Қалиақпаров.

Естеріңізге сала кетейік, 14 маусымнан бастап Астанада көлік қозғалысы қиындап, таңертең кептеліс 6-7 баллға жеткен. Астана полициясы мұны жол жөндеу мен көшелерді жабуға байланысты деп түсіндірді. Сәйкесінше қалада такси бағасы да өсіп кеткен.

Талқылау