Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі бұған дейін сыйақы және бонустарсыз жұмыс істегенін айтты

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев президенттің сөгісіне қатысты пікір білдіріп, бұған дейін бірде-бір рет сыйақы алмағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Тілшіміз орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында әкімнен президент жариялаған сөгіс жайлы сұраған еді. Сондай-ақ сөгіске байланысты қандай да бір сыйақыдан қағылуы мүмкін екенін білген.

“Қазір үлкен жұмыстар (жылу мәселесіне қатысты – ред.) жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбайды деп сенеміз. Қолдан келген жұмыстың барлығын істеп жатырмыз”, – деді ол.

Сондай-ақ әкім аймақты басқарған 2 жылдың ішінде мүлде сыйақы мен бонустар алмағанын атап өтті. 

“Бұған дейін ешқандай сыйақы алмағанмын”, – деп қосты ол.

Еске салайық, 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаевқа сөгіс берген еді. Бұған жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны себеп болған. 

Талқылау