Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жақында барлығын білетін боласыздар": Димаш Құдайберген тыңдармандарын ұйқысынан айырды

Димаш Құдайберген тыңдармандарын ұйқысынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында құпия түрдегі жазба қалдырып, тыңдармандарын таңқалдырған. Өзіндік жаңалығын жасырып, адамдарды қызықтырып қойды әнші. 

"Жақында бәрін білетін боласыздар", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Мұны көрген желідегі жұрт қандай жаңалық боларын болжап пікір қалдырған. Олар сүйікті әншілерінің өздерін тағы бір мәрте қуантқанын асыға күтуде. Осылайша, өнер иесінің тыңдармандары ұйықсыз қалғандарын жарыса жазды. 

"Біздің жүйкемізге жаның ашымайды екен", "Сөздерің сондай құпия", "Құдайым, жүрек талмасына ұшырайтын шығармын", "Ұйқымыздан айырдың", "Сенімен бір уақытта өмір сүргенімді мақтан тұтамын", "Түнде ұйқыдан қашырып, күндіз жұмыстан алыстатады", - деп жазды жұрт. 

Талқылау