Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жахан Отарғалиев: Балжанға бір көргеннен ғашық болдым, ешқашан мұндай жағдай басымда болған емес

Жақында ғана жас жұбайлар тізімін толықтырған жұбайлар Жахан мен Балжан әлі де ел аузында. Ойда жоқта отбасын құрып, ерлі-зайыпты атаған өнер иелерінің танысуы жайлы сұрақтар желідегі жанкүйерлерін толғандырып жүр. Бұл туралы Жахан мен Балжанның өздері айтты. 

Бұл туралы "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Жахан мен Балжан Түркия елінде бас қосты. Олардың жақыннан танысуына Балжанның әпкесі себепші болған. 

"Мен кино түсірілімдері үшін Түркияға кеттім. Оны бәрі біледі. Түркияда Балжанның әпкесі тұрады. Бірде ол кісімен дастархандас болдық. Сол кезде әпкесі Балжанның келе жатқанын айтты. Мен Балжанды сырттай танитынмын. Бірақ өмірде кездесіп көрмегенмін. Балжан да мені сырттай ғана танып, киноларымды ұнатып жүріпті. Сосын желіде өзім жаздым. Виртуально таныстық. Ал келген кезде тағы да әпкесінің үйінде қонақ болдық. Бірақ мен сөйлей алмай қалдым. Әшейінде сөз бермей отыратын мен сондай күй кештім. Сөйлемейтін жігіт секілді болдым. Өмірімде ондай жағдай болған емеспін. Қыздың алдында ұялып көрмеппін. Мүмкін осы кезге дейін үйленбей жүруімнің себебі сол шығар. Мен Балжанға бір көргеннен ғашық болдым", - деді Жахан. 



Ал Балжан Бидаш екі күн ашылып сөйлемей, жігітті сынға алғанын айтты. 

"Мен қыз бала болған соң бірден сөйлесіп кеткенді жөн көрмедім. Бастапқыда әдейі сөйлеспедім. Оның мені ұнататынын сезіп жүрдім. Сол үшін сөйлеспедім. Оған өзім бастап сөйлескім келмеді. Оның да ел алдында жүргенін білемін. Танымал екенін білемін. Сондай екен деп өзім төмендегім келмеді", - деді Балжан. 

Жахан мен Балжан болашақта бірігіп ән айтуы немесе бейнебаянға түсуі мүмкін. 

"Балжан үйде келін болады. Егер жақсы әндер шығып жатса, ән айтады. Бірге бейнебаянға түсуіміз де мүмкін. Бірақ үйде ақша табатын мен. Түзде жүретін менмін. Солай келістік", - деді Отарғалиев. 

Балжанның Жаханды таңдауына анасының ақылы себеп болған екен. Сол себепті тұрмысқа ойда жоқта шыққан көрінеді. 

"Жаханды ата-анаммен таныстырғанда анам ақылын айтты. Жаханның анасын құрметтейтінін байқаған. Сондықтан жақсы жігіт деп ақылын айтты. Жахан маған сөз айтты да, бір күн ғана уақыт берді. Мен бір күнде тұрмысқа шығуға келістім. Себебі жас кезде адам эмоцияға беріледі. Ал үлкен кісілер бәрін біледі. Адам таниды. Ата-ана балаға дұрыс ақыл айтады. Одан бөлек өзімнің де сезімім болды", - деді Балжан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр