Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Етегім түрілмеген қызбын: Балжан Бидаш ұсыныс жасаған сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтты

Балжан Бидаш сүйіктісімен айырылысып кеткенін айтты. Әнші көпшілік алдында ұсыныс жасап, сезімін білдіргенімен азамат бірге емес. Ұсыныс болғанымен, той, құдалық рәсімдері өтпеген. 

"Бүгін көбісін мазалаған сұраққа жауап берейін деп шештім.🤝2019 жылы экс-жігітім ұсыныс жасады. Мен “Иә” дедім. Ол жігітті сол кезде жақсы көргендіктен, басқа жауап беруім мүмкін емес еді. Алайда бізде той былай тұрсын, сырға салу, құдалық сияқты жөн-жоралғылар жасалған жоқ. Мен етегі түрілмеген, жат жұрттың табалдырығын аттамаған қызбын. Қазір - басым бос. Экс-жігітіммен әңгімеміз жараспай, отбасы болсақ, ұзаққа бармайтынымызды уақытылы түсінгеніме шүкір деймін. Менің де келін атанғым келеді, сүйікті жар болғым келеді, бұл барлық қыздардың арманы шығар. Алайда арада бала дүниеге келіп, ажырасып, өзімізді де, ата-анамызды да бақытсыз қылғанша, сәбилерді толық емес отбасыда өсіргенше, жөн-жоралғы жасалмай тұрып, екіге айырылғанымыз дұрыс болады деп шештім", - деді әнші. 

Балжан Бидаш сахнадағы ұсыныстың хайп емес, шынайы оқиға екенін айтты. Әнші көпшіліктен, журналистер қауымынан жалған ақпарат таратпауды сұрады.



"Негізі, “Жыл таңдауындағы” сақина мен ұсыныс - шоу үшін, хайп үшін жасалды деп жалған айтып, құтылсам да болар еді. Бірақ сіздерді алдап қайтем?! Шындығым - осы! Бұдан былай осы сұрақпен мазаламауларыңызды сұраймын. Және де журналистер, сіздер де алып-қашпа сөздерді құрастырып ақпарат шығаруды қойсаңыздар деймін!", - деп жазды әнші парақшасында. 

"Шындығыңыз үшін рахмет", "Жүректі алдауға болмайды, егер жүрегіңіз сол адам менікі дегенде болар еді, бірақ жүрек бәрін дұрыс шешеді мен сізбен келісем", "Осылай нақтысын айтқан адамды қалай сыйламайсың. Өте дұрыс жасағансың", Енді Балжан әпкемді мазаламаңыздар, жүрегінің иесі емес екен!", - деп жазды желі қолданушылары. 

Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен бірнеше вайн түсіріп жариялады. Көпшілік екеуі кездесіп жүр деп топшылады. Алайда әнші Жаханға аға ретінде қарайтынын, оған жақсы қыз іздеп жүргенін айтты.

Талқылау